Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мам 06

Ұлы Жеңіске 75 жыл: Zoom платформасы арқылы онлайн конференция

2020 жылдың 5 мамыры күні Ұлы  Жеңістің 75 жылдығына арналған Рубцовск – Семей телекөпірі өтті. Онлайн конференцияға Семей қаласының Абай атындағы кітапханасы мен Рубцовск қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандары қатысты. Конференцияның басты тақырыбы Жеңістің 75 жылдығы болды. Кездесудің басында екі жақ әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасу туралы және алдағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жоспарларымен бөлісті. Абай атындағы кітапхананың мамандары қазақстандықтар мен Семейліктердің Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы бірнеше баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылардың назарына  келесі тақырыптар ұсынылды: – Брест қамалын қорғаушылар, тақырыпты Л. Ахметованың «1941 жыл. Брест қамалы. Қазақстан» атты кітабы аша түсті. Бұл кітапта алғаш рет Брест қамалының 556 қазақстандық қорғаушысының тізімі, Қазақстанда жасақталған полктер мен әскери бөлімдердің тізімімен қоса берілген;

– соғыс жылдарындағы мерзімді басылымдар, бұл материал «Иртышская правда» газетінің 1941-1945 жж. жарық көріп, біздің кітапхана қорларында мұқият сақталған сандарына негізделген. Мерзімді басылымдарда Семей тұрғындарының еңбек ерлігі, соғыс жылдарындағы жерлестеріміздің мәдени-ағартушылық өмірі туралы мақалалар жинақталған;

– Абай атындағы кітапхананың ардагері – М.В. Акимова, бұл материалда аудиторияға Абай кітапханасының (Н.В. Гоголь) қызметкерлері, атап айтқанда М.В. Акимованың да Ұлы Отан соғысының шежіресіне енгендігі туралы ақпарат берілді. Кітапханашылардың соғыс кезінде тек кітапханада ғана емес, әскери госпитальда да жұмыс істегендігі де айтылды;

– Әкелерді еске алу қасиетті – тақырыпты кітапханамыздың маманы Г.Байкенованың екінші дүниежүзілік соғыс майданында соғысқан атасы – Армиз Байкеновтің зиратын іздеу туралы әңгімесі жалғады. Өз кезегінде Рубцовск қаласының кітапханашылары Жеңіске арналған іс-шараларды дайындау мен өткізудегі, атап айтқанда, әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында интерактивті ойындар өткізу тәжірибесімен бөлісті, «Рубцовскінің барлығы балаларға соғыс туралы оқиды» акциясы мен «Мен атамды мақтан тұтамын» атты жобаларымен де таныстырды. Әскери тақырыптағы кітаптар мен виртуалды көрмелерге шолу жасалды.