Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 10

Абай әлеміне саяхат: тікелей эфир

10 тамыз күні Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы кітапхана қызметкерлері С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық  ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлерімен «Абай әлеміне саяхат» атты виртуалды мәдени-танымдық экскурсияны тікелей эфирде ZOOM платформасында өткізді.

Тікелей эфирге кітапхана директорының орынбасары Аязбаева Гүлмира Мұратқызы және мерзімді басылымдар бөлімінің жетекшісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы қатысты.

Эфирде «Абай және кітапхана», «Абай тұлғасы: Сирек  басылымдар беттерінде» деген тақырыппен Абай әлеміне саяхат жасалды.

Кітапхана директорының орынбасары Аязбаева Гүлмира Мұратқызының «Абай және кітапхана» тақырыбындағы сұхбатында Семейдің қоғамдық кітапханасының тарихына тоқталып,  Абай есімі кітапханамен  тығыз байланыты екенін айтты. Абайдың дүниетанымын қалыптастыруға Шығыс ақындары мен ғалымдарының – Фирдоуси, Әлішер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина, сондай-ақ орыс классиктерінің шығармаларының әсері көп болғаны туралы  маңызды мағұматтар берілді.

Сонымен қоса тікелей эфир барысында мерзімді басылымдар бөлімінің жетекшісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған Абайдың қайраткерлік қызметін танытатын 1897 және 1900 жылғы «Памятная книжкалары», «Бастауыш білім беру қоғамының 1893/94 жылдарғы жұмыс есебі», «Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс-Сібір Бөлімінің Семей бөлімшесінің жариялаған «Запискиінің…» 1907 жылғы 3-саныннда жарық көрген Әлихан Бөкейхановтың  «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мақаласы, «Семипалатинские Областные ведомости» газеті, Николай Коншиннің «Что могут дать Семипалатинские архивы для краеведения» мақаласы және “Сельско-хозяйственный Обзоръ Семипалатинской области за 1914 годъ” атты статистикалық ғылыми зерттеу еңбек жайында құнды деректер берді.