Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі: мерзімді басылымдар көрмесі
22 қыркүйек 2013 жыл Шығыс қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазақстан халқының тілдер күні мерекелік шараны атап өту шеңберінде «Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі»: мерзімді басылымдар көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Өткізілген уақыты: 22 қыркүйек 2013 жыл. Өткізілетін жері: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы. Қатысушылар саны: 27 адам. Қатысушылар: кітапханаға келуішілер. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілге құрмет көрсету, мемлекетіміздің тарихы мен мәдениетінің жарқын келбетін таныта алатын ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызды жаңғыртып кеңінен насихаттау.
22 қыркүйек 2013 жыл Шығыс қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазақстан халқының тілдер күні мерекелік шараны атап өту шеңберінде «Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі»: мерзімді басылымдар көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Іс – шараның өткізілуі барысында оқырмандарға 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен болып жариялануының себебі түсіндірілді. Еліміздегі тіл саясаты мен оның жүзеге асырылуы әрқайсымыздың жалпы адамгершілік мәдениетіміз бен халықтар достығына байланысты. Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал етеді, тәрбие құралы мен адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын арқау жіп болып табылады. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, ағайындығы мен бірлігінің нышаны. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – жаңа Қазақстанды салудың басты тірегі.
Яғни Ел басы жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезең деп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тілі және ағылшын тілі жахандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі осы жайындағы мәліметтерге кеңінен тоқталып, көрмеге қойылған басылымдарға ауқымды шолу жасалды.
Көрмеге «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні» байланысты мағлұматтар беретін жолкөрсеткіштер мен ақпарат беттер қойылды. Сонымен қатар тілге қатысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер назарға ұсынылды. Көрмеге «Қазақ елі», «Ана тілі», «Нұр Астана», «Дала мен қала», «Қазақ тілі және елтану», «Қазақ тілі және өлкетану» «Қазақ тілі мен әдебиеті» сияқты мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар ұсынылды. Барлығы 31 атаулы мерзімді басылымдар қойылған.