Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 04

Абай және рухани жаңғыру: тікелей эфир

2020 жылдың 3 қыркүйегінде ШҚО Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ф.ғ.д. ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласы және облысының құрметті азаматы Тайжанов Алтай Тайжанұлымен «Абай және рухани жаңғыру» тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

Қонағымыз сөзін «қазіргі еліміздің бет алысы рухани жаңғыруға, тазаруға бағытталған» –  деп бастады. Оған себеп  елбасымыздың мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,  осы мақала аясында атқарылып жатқан жұмыстарда шек жоқ. Екінші себеп ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы, Абайдың арманы осы елді рухани байыту болса, бүгінгі ел ағаларының арманы Абай арқылы жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету болып отыр. Міне сондықтан кемел бастамамен келелі іс тындырып жатқан Қасым-Жомарт Кемелұлының негізі ойы Абай атын әлемдік брендке айналдыру арқылы Алаш ұрпағын рухани жаңғырту болып отыр.

Өздеріңіз  жақсы білетін қазақ қоғамы ат үстінен түспеген арпалыс заманды, өзге елмен одақтасам деп от басқан кезеңді, қала берді әдебиетімізбен мәдениетімізге қиянат жасаған жылдарды басынан өткерді. Ал, тәуелсіздік маңдайымызға бақ болып қонған жылдар өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жағып, жоғалтқанымызды табуға зор мүмкіндік әкелді. Бүгінгі біз көріп отырған заман, кейінгі жылдар тек қана әдебиет емес, әлеуметтік, тарихи, физика-математикалық болсын т. б. көптеген салаларды өсіп жетілуіне куәгер болды. Аталмыш салалар және басқа салалардан бүгінгі күні жарық көріп жатқан көп томдықтар, жаңартылған басылымдар осының бәрі біз сөз қылып отырған рухани жаңғыру аясын қамтитын дүниелер.

Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағы. Біз болашағымызды немен тәрбиелеп, не үйретіп жатырмыз?! Ал, Абай шығармашылығы, Абай философиясы қай жастағы болмасын адамзатты тәрбиелейді. Өйткені Абай барша адамзаттың – Абайы, әлемдік тұлға! Қазіргі жастар арасында ушығып тұрған мәселенің көбін, қоғамдық мәселенің барлығына Абай сөзінен жауап табуға болады деп Алтай Тайжанұлы тақырыбын тарқата сөйлеп, көптеген мәлімет беріп, көпшіліктің көңілінен шығып, кездесуін аяқтады.