Ислам – ынтымақ пен бірлік жолында: дөңгелек үстел

05.04.17

2017 жылы 5 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері «Ислам – ынтымақ пен бірлік жолында» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Семей қаласы Ішкі саясат бөлімінің маманы – Қ. М. Тәукебаев, Орталық мешіттің найб имамы, ұстаз Б. Құмарғазыұлы және философия ғылымдарының кандидаты Е. Жетібаев және «Авиценна» медицина колледжінің студенттері, кітапхана пайдаланушылары қатысты. Мамандар жастарға жат ағымдарды түсіндіріп, терроризм мен эктремизмді жекелеме жіктеп, оның шығу тарихы мен негізгі мақсаттары туралы Е.Жетібайұлы өз сөзінде жете айтса, мешіттің найб имамы – Б. Құмарғазыұлы таза дінді кірлетпей тура жолда ұстай білуге және жат ағымдарға түсудің өзі діни сауаттылықтың таяздығынан дегенді атап өтті. Аталмыш шарада «Салафиттер деген кімдер?» атты бейне көрсетілімдер қатысушылар назарына ұсынылып, ортақ ой-пікірлер ортаға салынды. «Лаңкестікке жол жоқ!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды. Студенттер өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын мамандарға жолдап, жауап алды.