Қазақстанның негізгі тұрақтылығы – ауыл шаруашылығы: ақпараттық сағат

08.04.17

Қазіргі таңда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету. Осыған орай, 2017 жылдың сәуір айының 7 жұлдызында Абай атындағы кітапханада «Қазақстанның негізгі тұрақтылығы – ауыл шаруашылығы» тақырыбында «Қазақстан тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика» колледжінің 3 курс студенттеріне, оқу үрдісіне көмек ретінде ақпараттық сағат өткізіп, кең көлемді кітап көрмесін жасақтады. Шара барысында Елбасының 2017 жылғы жолдауының төртінші бөліміне, «Агробизнес 2020», сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлететтік бағдарламасына айырықша тоқталып, кітапхана қорынына келіп түскен топырақтану, мал өсіру, егіншілік, мал азығын дайындау, ветеринария, агрономия сияқты бағыттағы кітаптарға кең мазмұнды шолу жасалды. Атап айтсақ: «Ветеринария негіздері», Қ.Н.Бегімбековтің «Мал өсіру және селекция», Қ.Жаңабаевтың «Агрономия негіздері», «Зоотехника негіздері», «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы», С.Сабырұлының «Қазақстан азығы: кеше және бүгін», «Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері» т.б. Шара соңында Ауғаныстаннан келіп оқып жатқан студенттер кітап көрмесіндегі әдебиеттерге қызығушылық тудырып, өздеріне қажетті әдебиеттерді уйге жаздырып алды.