55-72 / 2978

Абайдың рухани орталығы: экскурсия

25.09.2025

25 қыркүйек күні Абай кітапханасында «Kitap Time – 2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында мазмұнға бай, руханияты терең, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шараға келген қаламыздағы 68303 әскери бөлімінің, 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздарына, Семей қаласының электротехникалық колледжінің ұстазы …

Қайран Әбубәкір «Байтақ»: онлайн кездесу

25.09.2025

Қыркүйек айының 25-ші жұлдызында «Kitap time -2025» жалпы респубикалық аясында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, бірнеше республикалық мүшәйралардың жүлдегері Қайран Әбубәкірмен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесу барысында ақынның «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген «Байтақ» …

Хогвартс кубогының құпиясы: квест

25.09.2025

25 қыркүйек күні Абай кітапханасында «KitapTime – 2025» IV республикалық фестивалі аясында «Хогвартс кубогының сыры» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылып, Гарри Поттер әлеміне саяхат жасалды. Аталған шараға М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің МНО 23-09 тобының студенттері белсене қатысып, өз білімдері …

Адам – керуен, өмір – жол: кітап тұсаукесері

25.09.2025

25 қыркүйек күні Абай кітапханасында өткен «Kitap Time – 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері Мақсұт Қошжанның «Адам – керуен, өмір – жол» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туынды – өмір жолын парасатпен жүріп өткен, …

Тірі кітапхана: кітап тұсаукесері

25.09.2025

25 қыркүйек күні Абай кітапханасында өткен «KITAP TIME – 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында белгілі өлкетанушы, «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасановтың «Из находок краеведа» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа туындының таныстырылымы оқырманды туған өлке тарихының терең қатпарларына …

KITAP TIME – 2025: жалпы республикалық кітап фестивалі

25.09.2025

25 қыркүйек күні Абай кітапханасында «KITAP TIME – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі салтанатты түрде өтті. Халықты бір рухани арнада тоғыстырған фестиваль – кітап оқуды дәріптеуді, жастарды рухани және интеллектуалдық тұрғыдан дамытуға ынталандыруды, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттауды …

Тарихи жол айрығы – дәуірлер тоғысында: өлкетану қонақжайы

22.09.2025

21 қыркүйек күні Абай кітапханасы мен «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамының ұйымдастыруымен кітапхана пайдаланушылары мен қала тұрғындарына арналған «Тарихи жол айрығы – дәуірлер тоғысында» атты өлкетану семинары өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған бұл өлкетану қонақжайы семейліктерге сүйікті қалаларының тарихи деректерімен жақынырақ …

Тіл – халықтың жаны: Міржақып Дулатұлының ұлттық идеясы: әдеби-танымдық сағат

18.09.2025

18 қыркүйекте Абай кітапханасында «Тіл — халықтың жаны: Міржақып Дулатұлының ұлттық идеясы» тақырыбында әдеби-танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға Семей медицина университетінің ЖББП кафедрасының оқытушылары Жорокпаева М. Д. және Абешова Н. М. жетекшілігімен 1309, 1310, 1311 стоматология топтарының студенттері мен 1509 шетелдік …

Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы: ақпараттық сағат

18.09.2025

Абай кітапханасының қызметкерлері №50 IT мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларына «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылық еңбектері және қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі жайында мағлұмат алды. Сонымен қатар, ұлт …

Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру: көшпелі отырыс

17.09.2025

17 қыркүйекте А.С. Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында Қазақстан кітапханалар Одағының «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбындағы кезекті көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Бұл шара еліміздегі кітапханалар саласындағы заманауи өзгерістер мен жаңа технологияларды енгізу, оқырмандарға қызмет көрсетудің …

Ұлт рухының жыршысы – Несіпбек Айтұлы: кітап көрмесі

17.09.2025

17 қыркүйекте Абай кітапханасында «100 рухани мұра» жобасы аясында көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл толғанына орай «Ұлт рухының жыршысы – Несіпбек Айтұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – қаламгердің …

Ілияс Есенберлин “Көшпенділер”: әдеби сағат

17.09.2025

17 қыркүйек күні «100 рухани мұра» жобасы аясында Абай кітапханасының қызметкері Семей қаласындағы №6 гимназияның 10-сынып оқушыларына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша әдеби сағат ұйымдастырды. Бұл туынды – Қазақстан оқырмандарының таңдауы бойынша елдің 100 үздік әдеби …

Президент Жолдауы: стратегия мен мақсаттар:экспресс-трибуна

16.09.2025

16 қыркүйек күні Абай кітапханасының маманы Электротехника колледжінің 1-курс студенттеріне «Президент Жолдауы: стратегия мен мақсаттар» тақырыбында экспресс-трибуна өткізді. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер …

Отбасы – менің өмірім: танымдық ойын-бағдарлама

12.09.2025

12 қыркүйек күні Абай кітапханасында Отбасы күніне орай «Отбасы – менің өмірім» атты танымдық ойын-бағдарлама өтті. Қазақстанда бұл мереке жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтіледі. Іс-шараға Төлеубай Аманов атындағы №16 мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары қатысып, …

Тіл – бірліктің тірегі : танымдық сағат

11.09.2025

10 қыркүйек күні Абай кітапханасының қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күніне орай Semey New School мектебінің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Тіл – бірліктің тірегі» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға тіл тарихы, оның маңызы және әлем халықтарының тілдері жөнінде мәлімет …

Абай мұрасы – мәңгілік қазына: әдеби сағат

11.09.2025

10 қыркүйек күні «100 рухани мұра» жобасы аясында Абай кітапханасының қызметкерлері SEMEY NEW SCHOOL мектебінің оқушылары үшін «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» атты әдеби сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылық кезеңдері жан-жақты таныстырылып, оның ұлттық …

Біз таныған Абай тағылымы: дәріс

06.09.2025

6 қыркүйек күні Абай кітапханасы жанындағы «Асық» әдеби-мәдени клубының маусымашары жазушы Қуат Қиықбайдың «Біз таныған Абай тағылымы» атты дәрісімен басталды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл дәріске жаңа оқырмандар келіп, клуб мүшелерінің қатарына қосылды. Дәріс барысында әр қатысушы …