1045-1062 / 2607

Ғалым сыйлаған рухани қазына

29.03.2019

Наурыз мейрамы күндері Абай атындағы әмбебап кітапханасының қоры тосыннан жасалған сый кітаптармен толықты. Біздің жерлесіміз, кітапханамыздың тұрақты оқырманы, ғалым – Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай жеке кітапханасынан өзінің құрастыруымен шыққан кітаптарының бірнеше даналарын сыйға тартты. Олар: Еуразия кеңістігінің айтулы ғалымы Лев Гумилевтің …

Қазақ киносының анасы: киноностальгия

27.03.2019

      Биылғы жылы Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының майталманы – Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау жобасы қолға алынған. Осы мерейтойға орай 27 наурыз күні Абай кітапханасында  актрисаның ең …

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні: кең көлемді кітап көрмесі

22.03.2019

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында кітапханаға келген  қала тұрғындары мен пайдаланушыларды «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды. Мерекеге арналған үш бөлімнен жасақталған  кітап көрмесі …

Армысың, Әз-Наурыз!: көктем мерекесі

20.03.2019

Көктемнің басты мерекесінің бірі – Наурыз мейрамы. Бұл күні айналамыз жаңарып, табиғат қысқы ұйқыдан оянады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында 20 наурыз күні Абай кітапханасында «Армасың, Әз-Наурыз» атты дәстүрлі көктем мерекесі өтті. Шараға Семей қаласының жастар ресурстық орталығы, «Дариғай-ай» жастар театрының …

Дариға-ай театры: асқан асулар, жаңа белестер: шығармашылық кездесу

19.03.2019

«Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына 20 жыл толуына орай 19 наурыз күні Абай кітапханасында театр ұжымымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Шығармашылық кездесу барысында «Дариға-ай» жастар театрының директоры А.Бахтинов, сахна тілі маманы М. Алеапрова, әдеби бөлім меңгерушісі  Г.Құдайбергенова театрдың іргетасы қаланған уақыттан бастап, …

Ағылшын тілі курстары: қорытындылау

19.03.2019

15 және 19 наурыз күндері Абай атындағы кітапханада ағылшын тілі курстарының аяқталуына байланысты қорытындылау шарасы болып өтті. Тіл – қарым-қатынас құралы.  Ал ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, кез келген салада кеңінен қолданыс тапқан тіл болып есептеледі. Ағылшын тілін білу …

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні: иллюстративті кітап көрмесі

19.03.2019

19 наурыз күні Абай атындағы кітапханада қала тұрғындары мен қонақтарына, студент жастарға арналып, «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»  атты кең көлемді иллюстративті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Үш бөлімнен жасақталған мерекелік кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу тарихын, мазмұны мен мәнін, халықтың …

Семейдің қылқалам шеберлері: өлкетану қонақжайы

19.03.2019

17 наурыз күні Абай атындағы кітапханада өлкетану қонақжайы аясында есімдері танымал бола қоймаған  қала суретшілерінің қолөнердегі  жетістіктері туралы қызықты ақпараттар ұсынылды. Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының  ұсынған ғажайып туындылары қатысушылардың назарын бірден баурап алды. Мұражай маманы …

Ұлы Даланың ұлы есімдерінің тағылымы: кездесу кеші. Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлының жеке қорының ашылуы

15.03.2019

Абай атындағы кітапханада 15 наурыз күні жерлесіміз ғалым-әдебиетші, профессор Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы қонақта болып, оқырман қауыммен кездесті. Кесдесу барысында Шәкәрім университетінің жанынан құрылған Абай институтының директоры А.Сұмағұлова ғалым шығармашылығын жастарға кеңінен таныстырды. Сөз кезегін алған Серікқазы Сыбанбайұлы өзінің жеке қорында …

Көктем келді! Қобыз үні!: мерекелік бағдарлама

15.03.2019

Наурыз айының 15 күні  Абай кітапханасында Ұлысты ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Сиқырлы қылқалам» және «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларына  «Көктем келді! Қобыз үні!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы ақпарат беріліп,  қатысушыларға ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. …

Наурыз – бірлік пен махаббаттың, жаңарудың мейрамы: көрме-калейдоскоп

15.03.2019

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 15-наурыз күні Абай кітапханасының шетел әдебиеттері бөлімінде «Наурыз – бірлік пен махаббаттың, жаңарудың мейрамы» атты көрме-калейдоскоп ұйымдастырылды. «Наурыз мейрамының шығу тарихы», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Ұлттық ойындар мен тағамдар», «Наурыз туралы өлеңдер мен жырлар» атты …

Наурыз нақыштары: шығармашылық кездесу

15.03.2019

Талайды таңдай қақтырған ақындық өнер – талант пен шабыттың тамаша үйлесімінен туатын ерекше өнер. Әдебиет пен өнер айдынына жаңа толқынның келіп қосылып жатқаны көңіл қуантарлық жәйт. Жастар жылының аясында 14 наурыз күні Абай кітапханасында қаламыздың жас ақындарымен шығармашылық кездесу өтті. …

Microsoft Excel бағдарламасы: тренинг

14.03.2019

2019 жылы 12-15 наурыз аралығында пайдаланушылардың сұранысы бойынша Microsoft Excel бағдарламасы бойынша тренинг өткізілді. Шараның мақсаты: пайдаланушылардың білімін кеңейту. Оқу барысында қатысушылар Excel электронды кестелерін формула, есеп, диаграмма арқылы жасау, сақтау, өндеу және пішімдеуін үйренді. Тренингте Microsoft Excel бағдарламасы туралы …

Көрікті көктем аруы: сайыс

11.03.2019

9 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері мен №31 мектеп ұжымы бірлесіп көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Көрікті көктем аруы!» атты сайыс ұйымдастырды. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысты. Көктем мерекесіне орай өткізілген бұл сайыста қыздарды …

Ақын-жазушылар кітаптарында жырланған әйелдер: әдеби қонақжай

06.03.2019

Кез келген әйел үшін 8-ші Наурыз мерекесі өзін әйел, ана сезінетін күн. 6 наурыз күні «Диалог» әдеби салонының аясында «Ақын-жазушылар кітаптарында жырланған әйелдер» атты әдеби қонақжайы осы күнге арналды. Қатысушыларға аты әлемге әйгілі ұлы әйелдер, атап айтқанда Бибігүл Төлегенова, Екатерина …

Шығыс айналма жолы: өлкетану сабағы

06.03.2019

5 наурыз күні Абай кітапханасы Семей көлік колледжінің 90 жылдық меретойы қарсаңында, аталмыш колледжге барып  Шығыс айналма жолының құрылысына арналған өлкетану сабағын өткізіп қайтты.   90 жыл бойы жастарды білім нәрімен сусындатып келе жатқан колледждің тарихы өте бай.  40-шы жылдары осы …

Әйелдер – ерекше мамандық иелері: кездесу кеші

05.03.2019

Әйел заты кез келген уақытта нәзіктік, сұлулық, махаббат, мейірімділік пен қамқорлықтың белгісі болып табылған. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні Абай кітапханасында әртүрлі мамандықтағы әйелдермен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне «Қайнар» колледжі мен «Олимпияда резерві аймақтық …

Шын жүректен…: акция

05.03.2019

Біздің кітапханада кітап сыйлау акциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Кітап сыйлаушылар біздің кітапхананың оқырмандары, қала тұрғындары мен қонақтары. Әрбір сыйлық маңызды, өйткені бұл әрбір кітаптың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. 5 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «8 наурыз – Халықаралық …