Жеңіс балы
4 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры, Семей қаласының ішкі саясат бөлімі, Абай атындағы әмбебап кітапханасы, «Ақ тілек» қоғамдық қорымен бірлесіп, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Жеңіс балы» өткізді. Жеңіс балы соғыс және тыл ардагерлеріне арналды. Аталмыш шараның мақсаты: жастардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету, халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу. Шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым етіліп, ардагерлер хоры соғыс кезіндегі әндерді шырқап, қонақтармен биден шеберлік класы өткізілді. Мерекелік шара соңында лоторея ойнатылып, сыйлықтар берілді.