Жемқорлықсыз қоғам орнату – басты парыз: ақпараттық сағат
29 қаңтар күні Абай кітапханасында Әлихан Бөкейхан университетінің 2-курс студенттеріне «Жемқорлықсыз қоғам орнату – басты парыз» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Кездесу барысында жастар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, адалдық пен әділдіктің маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын ашық айтты. Өмірден алынған ситуациялық сұрақтар талқылауға түрткі болып, «Жемқорлықсыз қоғам қандай болады?» деген сауал әр қатысушыны терең ойға жетеледі.
Студенттердің белсенділігі, нақты пікірлері мен азаматтық көзқарасы ақпараттық сағаттың мазмұнын байыта түсті. Адалдық пен жауапкершілікке негізделген қоғам құру – әрбір жас үшін ортақ міндет екені тағы бір мәрте айқындалды.





