Жақсылық жаса!: акция
Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері 10 мамыр күні көп балалы отбасыларға «Жақсылық жаса!» акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Кітапхана жыл сайын осындай қайырымдылық акцияларын өткізуді дәстүрге айналдырып отыр. Өйткені, қайырымдылық көмек көрсету адам жанын ізгілікке жетелеп, тіршілікті нұрландырады. Кітапхана қызметкерлері алдын ала жеке гигиена заттарын, балаларға және ересектерге арналған киімдер мен аяқ киімдерді жинап, оны кәмелетке толмаған 5 баласы бар Бахтиярова Лилия мен 4 балалы Табулдинова Әйгерімнің отбасыларына табыстады. Кітапханашылар көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, кіріптарға қайыр беріп, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.