Болашақтың энергиясы – Қазақстанның болашағы: интерактивті дәріс
2013 жылдың 12 наурызы күні Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Мұқыр ауылының Түрксіб орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына екі бөлімнен тұратын интерактивті лекция өткізілді.
Өткізілген күні: 12 наурыз 2013 жыл. Өткізілген орны: Түрксіб орта мектебі. Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар саны: 45 адам. Шараның мақсаты: Оқушыларды Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының тарихымен таныстырып, кітапханамыздың сирек қорындағы ең ерекше кітаптарды насихаттап, елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі жайлы мағлұмат бере отырып жас ұрпақты елімізде болып жатқан игі жаңалықтармен хабардар ету. Күтілетін нәтиже: Елімізің болашағы – жастарды қолымызда бар сирек басылымдарға деген қызығушылықтарын, кітапхана тарихы арқылы, оқуға деген ықыластарын оятып, ЭКСПО көрмесі туралы мәлметтерден оқушыладың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
2013 жылдың 12 наурызы күні Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Мұқыр ауылының Түрксіб орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына екі бөлімнен тұратын интерактивті лекция өткізілді. Лекцияның бірінші бөлімінде кітапханамыздың тарихы жайлы айтылып, кіпапханамыздың мақтанышы болып саналатын сирек қордағы ең ерекше кітаптарға шолу жасалды. Аталмыш лекцияның екінші бөлімінде жалпы ЭКСПО көрмесінің пайда болу тарихы мен әр жылдары әр елде өткен көрмелердің ерекшеліктер хронологиясымен таныстырылып, соңынан Еліміздің Астанасында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында Республикамызда жүргізіліп жатқан және де жоспарланған жобаларға тоқталып өтті. Осы шаралар барысында: «ЭКСПО-2017: келешекті технологиялар әлеміне апаратын жол» және «Қайталанбас сирек басылымдар» тақырыптарында көрмелер ұйымдастырылып, 24 мерзімді басылымдар мен 15 сирек қордағы ең ерекше кітаптар топтамасы ұсынылды. Сондай-ақ интерактивтік лекцияны слайд шоу толықтырды. Шара соңында ұстаздар мен оқушылар өздерінің лекциядан алған әсерлерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.