«Алаш» электронды кітапханасы: виртуалды шолу
13 қаңтар күні Абай кітапханасында Әлихан Бөкейхан университетінің студенттеріне арнап «Алаш» электронды кітапханасына» виртуалды шолу өткізді.
Шара барысында «Алаш» электронды кітапханасының барлық бөлімдеріне қысқаша шолу жасалып, Татарстан мемлекеттік архив ісі бойынша комитетінен алынған Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарының түпнұсқалары көрсетілді. Сонымен қатар, «Алаш қайраткерлері» және «Отбасы» бөліміне енген қайраткерлер туралы толық ақпарат беріліп, осы электрондық кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалардың толық мәтінді цифрлық нұсқасын іздестіру жолдары көрсетілді.
Шара соңында қатысушы студенттер өздері үшін қызықты ақпарат алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.





