Оралхан Бөкей – көркем сөздің құлагері: кітап көрмесі
2013 жылдың 5 науырызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітап көрмесі ашылды. Шығыс Қазақстанда 2013 жылы Оралхан Бөкей жылы деп жарияланды.
Өткізілген күні: 5 науырыз 2013 жылы. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімі. Қатысушылар: кітапхананың оқырмандары. Мақсаты: пайдаланушыларға Шығыс Қазақстанда 2013 жылы Оралхан Бөкей жылы деп жарияланғандығы туралы хабардар ету. Күтілетін нәтиже: Жерлес, жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығымен жақын танысу.
2013 жылдың 5 науырызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітап көрмесі ашылды. Шығыс Қазақстанда 2013 жылы Оралхан Бөкей жылы деп жарияланды. Оралхан Бөкей – дарынды қазақ жазушысының бірі. Оралхан – қанатын кеңге жаюына қайталанбас зор үлес қосқан қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Оның өлмес өнері, асқақ шығармалары – қазақ халқының руханилығын байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті. Оралхан Бөкеевтің қай шығармасы болмасын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат жаратылысы, олардың өзара тұтастығы, бірлігі. Ол өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашық болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті. Жазушы шығармаларына арқау болған кейіпкерлер көбінесе ауылдың жергілікті тұрғындары: қойшылар, жылқышылар, бұғышылар, механизаторлар, орманшылар, ауыл қарттары мен жастары. О.Бөкей шығармаларың әр жолы туған жері мен еліне деген сүйіспеншілікке толы. Қатонқарағайдың тамаша өмірі, сұлу табиғаты – Бұқтырма, Алтайдың қар басқан жоталары, құмды төбелері, түйе, бұғылардың іздері. Міне аялы табиғат пен адам арасындағы көзге көп байқала бермейтін махаббат, адамдар арасындағы рухани қатынас – жазушы шығармаларының басты тақырыбы. Сондықтан көрмеге әр жылдарды жарық көрген жазушы әңгімелері, повесттер жинағы қойылды. Олардың ішінде: «Поющие барханы», «След молнии», «Человек олень», «Поезда идут мимо», «Крик» және мерзімді басылым беттерінде жарық көрген: Сығай Ә. Ой түбіндегі Оралхан //Дала мен Қала.- 2012.- 16 қаңтар; Ф.Оңғарсынова. Дүниеден ерте кеткен дарынды жазушы, қаламдас бауырым Оралхан Бөкеевтің рухына //Атамекен.- 2012.- 23 ақпан; Жұмабай Н. Сізді ойыма алғанда… //Түркістан.- 2010.- 20 мамыр мақалалармен таныса алады. Көрмеге 16 кітап және 31 мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды. Кітап көрмесі жыл бойы тың деректермен толықтырылады.