Өмірді өркендетер ана ғана: кітап көрмесі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылдың 5 наурыз күні «Өмірді өркендетер ана ғана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ана – барлық өмірдің бастауы.
Өткізілген күні: 5 наурыз 2013 жыл. Өткізілген орны: оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Қатысушылар: кітапхана пайдаланушылары.
Қатысушылар саны: 18. Шараның мақсаты: Оқырмандарды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: кітапхана қорындағы әйел, ана туралы кітаптарды өз қажеттіліктеріне жарату.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылдың 5 наурыз күні «Өмірді өркендетер ана ғана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ана – барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, ана – құдіретті жан. Қай ғасырда өмір сүрсе де ана – ол әрқашанда ана. Ел басына қатер төнсе, ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын қиып, қасықтай қанын төгуге әзір. Көрмеге ардақты аналар мен асыл әйел жандарға арналған көптеген белгілі ақын-жазушылардың қызықты шығармалары ұсынылды. Ақын қыздарымыздың М.Хакімжанова, З.Ахметова, Т.Әбдірахманова, Ф.Оңғарсынова, Ж.Дәрібаеваның шығармалары көрме төрінен орын алды. Танымал жазушы Ғ.Мүсіреповтың аналарға арналған таңдамалы шығармалары, Ә.Шәріповтің «Сахара қызы», Ш.Құмарованың «Әйел шырағы», В.Аксеновтың «Женщины» кітаптары оқырмандар қызығушылығын тудырды. Оқырмандарды көрме барысында қазақ және орыс тіліндегі аналар туралы әдеби-поэзиялық жыр-жинақтармен таныстырдық. Шара болашақ ұрпақты имандылық, адалдық, шыншылдық сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеуге өнеге болмақ.