ЭКСПО-2017: келешекті технологиялар әлеміне апаратын жол
Бүкіләлмдік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі халықаралық айтулы бәсекеде Қазақстан Республикасының мерейі үстем болды. Енді осы жаһандық аса ауқымды шараны жоғары дәрежеде өткізу мәселесі егемен еліміздің алдында тұрған үлкен сын болып отыр. Осы орайда «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында 25 ақпан 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017»: келешекті технологиялар әлеміне апаратын жол» атты мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілетін күні: 2013 жылы 25 ақпан. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімі. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары. Мақсаты: 1851 жылы алғаш рет өткен Бүкіләлемдік көрменің тарихы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуі туралы кітапхана пайдаланушыларына хабарлама беру.Күтілетін нәтиже: «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі және ондағы ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы пайдаланушылардың білімдерін кеңейту.
Бүкіләлмдік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі халықаралық айтулы бәсекеде Қазақстан Республикасының мерейі үстем болды. Енді осы жаһандық аса ауқымды шараны жоғары дәрежеде өткізу мәселесі егемен еліміздің алдында тұрған үлкен сын болып отыр. Осы орайда «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында 25 ақпан 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017»: келешекті технологиялар әлеміне апаратын жол» атты мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Көрме: «Бүкіләлемдік көрменің тарихы», «ЭКСПО дегеніміз не?», «Қазақстан және «ЭКСПО», «Болашақтың энергиясы – Қазақстанның келешегі» атты төрт бөлімнен тұрды. Көрмеге осы тақырыпта 16 мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген материалдар және Ғаламтордан 19 ақпараттар қойылды. Аталмыш шара бұдан ары қала маңындағы ауылдар мен мектептерде ұйымдастырылып, өткізіледі. Көрме толықтырылып, кітапхана пайдаланушылары үшін 1 наурызға дейін жұмыс жасайды.