Елдің экономикалық қауіпсіздігі және жаһандау: кітап көрмесі
23 қаңтар 2013 жылы «Елдің экономикалық қауіпсіздігі және жаһандау» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы болды.
Өткізілген уақыты: 23 қаңтар 2013 жыл. Өткізілген жері: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар саны: 25 адам. Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның жаһандану кезеңін көрсетінен ақпараттық материалдармен кітапхана оқырмандарын таныстыру. Күтілетін нәтиже: жаһандық экономикалық процесстердегі Қазақстан жайындағы білім деңгейін көтеру.
23 қаңтар 2013 жылы «Елдің экономикалық қауіпсіздігі және жаһандау» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы болды. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру тапсырмасы және оның іс жүзінде іске асырылуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стартегиясында анықталып көрсетілген, яғни Қазақстанның халықаралық кеңістіктегі ролі мен жаһандық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр. Ұйымдастырылып отырған кітап көрмесінің бөлімдері тәуелсіздік алған жылдардан бергі Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке енуінің тарихи кезеңдері және еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ену процессіндегі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне арналып отыр. Кітап көрмесінде белгілі қазақстандық авторлар В.Ю.Додоновтың «Мировой кризис и тенденции экономического развития Казахстана», Болат Ахметгалиевтың «10 лет: Казахстан и интеграция» атты кітаптары, сондай-ақ «АльПари», «Транзитная экономика», «Экономика», «Деловой Казахстан», «Деловая неделя», «Егемен Қазақстан» беттерінен біздің еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен жаһандануын жағдайын толық талдап көрсететіндей маңызды ақпараттық мәліметтер ұсынылып отыр. «Елдің экономикалық қауіпсіздігі және жаһандау» кітап көрмесі 2013 жылдың 23 қаңтарынан 23 ақпанына дейін ұсынылады.