«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: кітап көрмесі
2013 жылдың 4 қаңтары күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінде «Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 2013 жылдың 4 қаңтары. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімі. Қатысушылар: кітапхана пайдаланушылары. Мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясын пайдаланушылар арасында талқылап, түсіндіру. Күтілетін нәтиже: пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы білімдерін кеңейту.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Жолдауын талқылап және түсіндіруде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы шаралар топтамасын өткізуді жоспарлады. 2013 жылдың 4 қаңтары күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінде «Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің «Көшбасшының саяси портреті» деген бірінші бөлімінде: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен естеліктері, көркемделген альбомдар, анықтама материалдары мен жинақтар ұсынылды. Көрменің «Жолдаудан Жолдауға дейін» атты екінші бөлімінде: «Қазақстан-2050» стратегиясы, 1997–2012 жж. кезеңіндегі Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары қойылды. «Жолдау беттерінен…» деп аталатын көрменің үшінші бөлімінде: мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған жаңа Жолдау туралы пікірлер және талқылаулар, мақалалар орын алды. Кітап көрмесінде 15 кітап және 16 атаулы мерзімді басылымдар, ғаламтордан материалдар оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесі 2013 жылдың 31 қаңтар күніне дейін өз жұмысын жалғастырады.