Біздің негізгі байлығымыз: 2050-стратегиясы: дәріс
2013 жылы 25 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Біздің негізгі байлығымыз: 2050-стратегиясы» атты дәрісі технологиялық колледжінде өтті.
Өткізілген күні: 25 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Технологиялық колледж. Қатысушылар: колледждің 1-2 курс студенттері. Қатысушылар саны: 22. Мақсаты: «Қазақстан–2050» стратегиясының негізгі бағыттарын насихаттау. Күтілетін нәтиже: Президент жолдауы «Қазақстан–2050» стратегиясына қызығушылық таныта отырып, қазақстандық патроиотизмді қалыптастыру.
2013 жылы 25 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Біздің негізгі байлығымыз: 2050-стратегиясы» атты дәрісі технологиялық колледжінде өтті. Тыңдаушылар стратегияның негізгі бағыттары: экономикалық саясаттың жаңа ұстанымдары, кәсіпкерліктің сан қырлылығына , жаңа әлеуметтік қалыптың құрылымына, білімнің және денсаулық сақтаудың қазіргі және тиімді жүйесімен, сондай-ақ мемлекеттіліктің одан арғы стратегиялық негізгі жағдайларымен танысты. Дәріс барысында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерін атап көрсетіп оларға жекелеме тоқталды. Олар: тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік,жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсізді, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. «2050–стратегиясы» ең бірінші жас буынға бағытталған, жастар әлемде болып жатқан процестерге жауапкершілікпен қарап, оның Қазақстан болашағына қаншалықты тиімді екенін айқындай білу керек. Дәрісте Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы кестелер, слайд көрсетілімі арқылы қатысушыларға ұсынылды.