Еске алу күні: ақпаратты кітап көрмесі
2013 жылдың 23 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Америкадағы еске алу күніне арналған көрме ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 27 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны: 15. Мақсаты: кітапхана оқырмандарына Америка елінің мәдениетін, әдет-ғұрпын, мейрамдарын таныстыру.
2013 жылдың 23 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Америкадағы еске алу күніне арналған көрме ұйымдастырылды. Бұл күн Америкадағы барлық соғыста қайтыс болған жауынгерлерге арналған Американың ұлттық мейрамы. Бұл атаулы күн – мамыр айының соңғы дүйсенбі күнінде аталып өтіледі. Осы күні американдықтар қабірлерге, әскери ескерткіштерге барып, құрмет көрсетіп, тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Аталмыш мейрамның өмірге келуіне Азамат соғысы себеп болды. Бірінші дүниежүзілік соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу рәсімі, уақыт өте келе мерекелік күнге айналды. Еске алу күні – 1971 жылдан бастап, американың ұлттық мейрамы болып белгіленді. Ал жалпы халық арасында, яғни көптеген кейбір американдықтар «Еске алу» күнін жаз айының басында атап өтеді. Америка халқының осыған ұқсас мейрамдарының бірі – Соғыс ардагерлерінің құрметіне арналған 11 қарашадағы «Ардагерлер күні». Бұл күнде де жоғарыда айтылғандай рәсімдік шаралар өткізіледі. Аталмыш көрмеге 15 кітап, 10 сурет қойылды. Көрме қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізілді.