Алаш арысы Райымжан Мәрсеков: библиокеруен
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылы 28 мамыр күні Р.Мәрсеков көшесінде 31-мамыр «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне» және «Семей көшелеріне есімі берілген тұлғалар» акциясы аясында Алаш арысы Райымжан Мәрсековке арналған библиокеруен өткізді.
Өткізілген уақыты: 28 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Семей қаласы, Комсомол поселкесі, Райымжан Мәрсеков көшесінде, №47 үйдің көшесі қиылысындағы алаңда. Қатысушылар: Р.Мәрсековтың туыстары, көше тұрғындары, студенттер, кітапханашылар, жиыны 75 адам. Шараның мақсаты: Егемендігіміз үшін күрескен алаш арыстарының есімдерін халық жадында мәңгі сақтау, кейінгі ұрпаққа өнегелі өмірлерін, қайраткерлік күресін таныстыру. Көше тұрғындарын көшеге есімі берілген тұлға – Райымжан Мәрсеков жайлы ақпараттандыру, сирек басылымдармен таныстырып, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылы 28 мамыр күні Р.Мәрсеков көшесінде 31-мамыр «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне» және «Семей көшелеріне есімі берілген тұлғалар» акциясы аясында Алаш арысы Райымжан Мәрсековке арналған библиокеруен өткізді. Шараға көптеген қонақтар қатысты: Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов кентінде, Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің ұстаздары Құдабаев С.Д., Сағынбайұлы Б., Ұлан ауданынан келген және қаламызда тұратын Р.Мәрсековтың туыстары, көше тұрғындары, М.Әуезов атындағы Семей қазақ инновациялық гуманитарлық заң Академиясының этнограф-тарихшысы, ағарту ісінің үздігі М.Мұхамадиұлы, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, география ғылымдарының докторы Белгібаев М.Е., «Еураз-Шоу» ұжымы, бұқаралық ақпарат өкілдері: «ТВК-6», «Радио-7». Шараны этнограф-тарихшы, ағарту ісінің үздігі М.Мұхамадиұлы мен профессор, география ғылымдарының докторы М.Е.Белгібаев Алаш арысы Р.Мәрсековтың өмірдеректерімен қоғамдық қызметі туралы қатысушыларға көлемді ақпарат берді. Библиокеруенге Р.Мәрсековтың туыстарынан – қызы Гүлғасылдың ұрпақтары София мен Сара Төлегеновналар және Ұлан ауданынан келген Достық Нариманұлы, Семей қаласынан Кәкімжан Хаженұлы жұбайымен қатысып, сөз сөйледі. Сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Ұлан ауданындағы Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің «Алаш арыстары» мұражайының ұйымдастырушысы Сиезхан Дәулетханұлы өз пікірін ортаға салды. Көше тұрғыны ардагер, 80-нің сеңгіріне шыққан Жүнісов Төлеуқадыр, Рахымжанов Әсемхан ризашылықтарын білдіріп, батыр ана Қайранбаева Үмітжан бата берді. Библиокеруенді «Еураз шоу» театрының өнерпаздарының орындауындағы әсем әндері мен билері толықтырды. Шараға қатысушылар 62 әдебиеттерден тұратын «Алаш арыстарының асыл мұралары» – кітап көрмесімен танысып, кітапхананың қызметкерлерінен сыйға кітаптар алып, ыстық ықыласпен тарады.