Латын әліпбиіндегі құнды басылымдар: танымдық дежавю
14 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінде «Латын әліпбиіндегі құнды басылымдар» атты танымдық дежавю өткізді.
Аталмыш шара барысында сарбаздарға латын емлесінің бүгінгі таңдағы логикалық маңызы, мемлекеттік тіл аясының кеңейетіндігі туралы айтылып, кітапхана қорындағы латын емлесімен шыққан қазақ тіліндегі басылымдардан слайд көрсетілімі ұсынылды. Сарбаздарға «Комсомол пропагандисі», «Әдебиет майданы» журналдары, «Турксиб», «Екпінді Алтай», «Майдан», «Екпінді», «Социалды Шығыс», «Лениншіл жас» газеттері, сонымен бірге қоғамдық-саяси, жаратылыстану ғылымы, медицина, көркем әдебиеттер, педагогика бағытындағы «1916 жылғы Жетісу қазақтарының көтерілісі», «Амангелді Иманов», Ә.Ермековтің «Ұлы математика курсы», Абай Құнанбаевтың «Таңдамалы өлеңдері», Ғ.Мүсіреповтың «Қызыл әскер әліппесі», Таңқыбайдың (І.Жансүгіров) «Құқ» сқақ әңгімелері, фельетондар жинағы, С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» т.б. кітаптары ұсынылды.
Сарбаздар кітапхананың сирек басылымдар қорындағы латын әліпбиіндегі кітап, журнал, газеттерге ерекше қызығушылықтарын танытып, алғыстарын білдірді.