Б. Майлин. Шұғаның белгісі : оқырмандар конференциясы
21 қараша күні күні Абай кітапханасында қазақ көркем әдебиетінің негізін салушы Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай, қаламгер шығармаларын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Шұғаның белгісі» туындысы аясында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Шара барысында кітапхана қызметкері сүбелі еңбектер жазған жазушының өмірбаяны, шығармашылығындағы өткірлік, азаматтық өнегесі туралы айтып, студент Г.Мырзабек повесть жайында баяндамасын ортаға салды. Аталмыш іс-шараға қаламыздағы Шәкәрім университеті филология факультетінің КЯЛ -201, КЯЛ-203, КЯЛ – 205 топ студенттері ұстаздары профессор А.О.Тоқсамбаеваның жетекшілігімен қатысып, қызу талқылады.
Конференция барысында шығарманың идеясы, композициялық құрылысы, шығарманың бастауы, дамуы, байланысы, басты кейіпкер Шұғаның бейнесі сөз етіліп, Әбдірахманның азаматтығы жайында әңгіме қозғалып, шарықтау шегі – шығарманың шиеленісі жан-жақты талқыланды.
Студенттер шығарма жайында өз ойларын ортаға сала отырып, жазушы мен кейіпкер арасындағы үндестікті аша түсті.
Оқырман жүрегіне жол тапқан үздік туындыны, арадан қаншама жылдар өтсе де, жас оқырмандар қауымы жалықпастан, әлі де оқуға ниетті.
Әдеби талдау соңында қатысушылар шараның өте әсерлі өткендігі жайында сөз қозғап, алдағы уақытта да кітапханамен байланыста болғылары келетіндіктерін жеткізе отырып, 140 жылдан астам тарихы бар қара шаңыраққа алғыстарын білдірді.
Қазақ прозасына ерекше леп әкелген Б.Майлин есімін халқы құрметпен мәңгі есте сақтайды.