Алаш арыстарының асыл мұралары: кітап көрмесі
31 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханов ескерткіші алаңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні құрметіне ұйымдастырған тарихи-танымдық шараға қатысты.
Өткізілген күні: 31 мамыр 2013 жыл. Қатысушылар: қала тұрғындары, зиялы қауым, оқу орындары. Өткізілген орны: Қ.Мұхамедханов ескерткішінің алаңы. Шараның мақсаты: жазықсыз құрбан болған алаш арыстарының сирек басылымдар қорындағы шығармаларымен жас ұрпақты таныстыру. Күтілетін нәтиже: халыққа кітапхана қорынан мәлімет беріп, алаш арыстары еңбектерімен, өмірімен, қала тарихымен таныстыра отырып кітап оқуды насихаттау.
31 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханов ескерткіші алаңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні құрметіне ұйымдастырған тарихи-танымдық шараға қатысты. Шарада елдің басына төнген зұлмат жылдарда жазықсыз жапа шеккен жандар жайлы естеліктер айтылып, жас ақындар өздерінің өлең жолдарын арнады. Әдеттегідей осы күні қуғын-сүргін жылдары опат болғандарға арнайы қойылған ескерткішке тағзым жасалып, гүл шоқтары қойылды. Осы қалалық мәдени шараға арнап ұйымдастырылған кітап көрмесіне М.Қойгелдиевтың «Алаш козғалысы», Д.А.Аманжолованың «Казахский автономизм и Россия, История движения «Алаш», К.Н.Нұрпеиісовтың «Алаш hәм «Алашорда», Р.Нұрсалиевтың «Алашординцы», А.Байтұрсынұлы «Шығармалар», Т.Жұртбай «Ұраным – Алаш!», М.Дулатұлы «Шығармалар», М.Жұмабаевтың «Шығармалар», К.Сарсекеевтің «Смута», Р.Нурсалиевтың «Ауэзов и «Алаш». Алаш тарихының барлық кезеңдерінен мағлұмат беретін кітаптар қойылып, қауымға насихатталды. Кітап көрмесіне 56 кітап және мерзімді басылымдардан тың материалдар ұсынылды.