Компьютер негізі: тренинг
2018 жылғы 13-19 қараша аралығында компьютер негіздері бойынша тренинг өткізілді. Қатысушы зейнеткерлер мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізуімен, құжаттарды жасау жұмысымен, Microsoft Office қосымшасымен және Windows операциялық жүйесімен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында әртүрлі тәжірибелік және тестілік тапсырмалары берілді, онда қатысушылар алған білімдерін жақсы көрсете алды. Оқу нәтижесінде тындаушылар өздері жасаған құжаттары мен слайдтарын ұсынды.