Тарих көшбасшымен жазылады:саяси портрет
23 қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері, №44 мектептің 8-10 сынып оқушыларына арнап, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні аясында «Тарих көшбасшымен жазылады» тақырыбында саяси портрет өткізді. Іс-шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы және мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастырудағы еңбегіне, әлемге әйгілі қайраткерлік рөлі жайында мағлұмат берілді. Кітапханашы мамандар биылғы жылғы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы жолдаудың негізгі бөлімдеріне тоқталып, Көшбасшының сындарлы саясатының арқасында халқымыздың әлеуметтік жағдайын өсіп, жақсарғандығы жайында, еліміздің астанасын Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырудағы тарихи роліне кеңінен тоқтала отыра, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Шарада ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалып, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты бейнежазба көрсетілді. Сонымен қатар, «Көшбасшы даналығы» тақырыбында жасақталған екі бөлімнен тұратын кең көлемді кітап көрмесіне Қ. Тоқаевтың «Беласу», Елбасы кітаптарымен қатар, «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен шыққан В.Михайлов, Т.Мансуровтың Н.Назарбаев кітабы т.б.әдебиеттермен қатар, Елбасының «Тарих толқынында», «Жүз жылға татитын он жыл», «Сындарлы он жыл», «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында», Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары» кітаптары мен мерзімді басылымдар беттерінен мақалалар мектеп оқушыларының назарына ұсынылды.