Дербес компьютер: нашар естушілерге арналған жеке тренинг
2018 жылғы 26-29 қараша аралығында компьютер негізі бойынша зейнеткерге арналған жеке тренинг өткізілді. Тренингте 64 жастағы қатысушы Оқасов Берикқажы Қажыкенұлы компьютермен жұмыс жүргізуді, мәтіндік редактормен, Windows және оның қосымшаларымен танысты. Тренингтен алған білімін нақтылау мақсатында қатысушы тәжірибелік тапсырмалар орындады. Оқу барысында зейнеткер кейбір техникалық қиыншылықтарына қарамастан, алған білімін өте жақсы көрсете алды. Тренингте нашар естушілерге арналған ақпаратты және дыбысты (индуктивті) күшейтетін жаңа құрылғылар туралы толық мәліметтер берілді.