«Қазақстан – Франция: мәдениет сабақтастығы»
09 маусым 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде «Қазақстан – Франция: мәдениет сабақтастығы» (екі елдің мәдениет саласындағы қарым-қатынасының даму барысы) деген тақырыпта мерзімді басылымдар көрмесі ашылды.
Өткізілген күні: 09 маусым 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: кітапхананың оқырмандары. Қатысушылар саны: 14 адам. Шараның мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестік қатынастардың даму жайында ақпараттар беру. Күтілетін нәтиже: пайдаланушылардың Қазақстанның алыс және жақын шетелдермен сыртқы мәдени және саяси-экономикалық қызметтері жайында білімдерін кенейту.
09 маусым 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде «Қазақстан – Франция: мәдениет сабақтастығы» (екі елдің мәдениет саласындағы қарым-қатынасының даму барысы) деген тақырыпта мерзімді басылымдар көрмесі ашылды.
Оқырмандар назарына ұсынылған мерзімді басылымдар көрмесі 2013 жыл Францияның Қазақстандағы жылына арналған. Франция – Еуропадағы ежелгі, демократиялық мемлекеттердің бірі, кәзіргі территориялық негізгі XV ғасырдағы қалыптасты. Франция Еуропадағы дамыған мемлекет және өзінің әдемі табиғаты мен туристік бизнесін мақтан тұтатын ел.
Франция – бұл тарихи орталық, сән әлемі, косметикалық бояулар, шарап және кулинария орталығының отаны. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға Қазақстан-Француз елдер арасындағы мәдениет, өнер және саясат саласындағы қарым-қатынастар туралы қысқаша маңызды мәліметтерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар Франция елінен Қазақстанға келіп әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізіп жатқан ұжымдар туралы, олардың шығармашылығы жайында, басқада әріптестік байланыстар туралы кең көлемде ақпараттар берді.
Кітап көрмесіне «Егемен Қазақстан», «Мәдениет», «Отан тарихы», «Казахстанская правда» «Страна и мир», «Экспресс К», «Парасат», «Жас алаш» сияқты мерзімді басылымдар беттерінен алынған маңызды мақалалар ұсынылды. Кітап көрмесіне барлығы 17 атаулы мерзімді басылымдар қойылып отыр.