Көкөністер мен жеміс-жидектерді салып үйренеміз: сурет салу техникасы
16 қаңтар күні «Сиқырлы қылқалам» сурет салу үйірмесі аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Көкөністер мен жеміс-жидектерді салып үйренеміз» атты тақырыпта сабақ өткізді. Кітапхана қызметкерлері жас суретшілерге жеміс-жидектер салудың техникасы туралы ақпарат беріп, әр түрлі көкөністерді қағаз бетіне қалай бейнелеуге болатынын көрсетті. Көкөністер мен жеміс-жидектер бүлдіршіндерді сәби кезінен қызықтыратын тақырыптардың бірі. Жемістер мен көкөністердің суреттерін сала отырып, балалар жаңа геометриялық пішіндерді зерттеуге үйренеді, олардың ойы, зейінділігі, есте сақтау қабілеті, дүние танымы дамиды. Сабақ нәтижесінде үйірме қатысушыларының көркем өнерге деген қызығушылықтары, эстетикалық талғамы мен шығармашылықпен сурет салу қабілеттері артты. Сабақ барысында балаларға арнайы дайындалған «Көкөністер мен жемістер суретін салуды үйренеміз» деген бейнеролик көрсетілді.