Табиғат әлемі балалар көзімен: экологиялық танымдық сағат
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Биологиялық орталықтың үйірме мүшелері мен қаламыздағы мектеп оқушыларына 2013 жылдың 14 маусым күні «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өтізілген уақыты: 14 маусым 2013 жыл. Өткізілген орны: Балалар биологиялық орталығы. Қатысушылар: жазғы демалыс лагеріндегі және биологиялық орталықтың жанынан құрылған үйірме мүшелері. Қатысушылар саны: 105. Мақсаты: Адам мен қоршаған орта арасындағы тығыз байланысты түсіндіре отырып, табиғатты аялауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: экологиялық білімнің артуы.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Биологиялық орталықтың үйірме мүшелері мен қаламыздағы мектеп оқушыларына 2013 жылдың 14 маусым күні «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар үшін өте қызықты жануарлар әлемі мен өсімдіктер тіршілігінің тарихы туралы әңгімеленді, ғаламшардың жаһандық экологиялық мәселелері, табиғат пен қоршаған ортаға қамқор болуға, оны аялап күтуге, әр адамның міндеті табиғатты қорғау бүкілхалықтық іс екені аталып өтілінді. Шара аясында балалар назарына табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне байланысты кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу ұсынылды. Шолуға: «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Қайым Қ. «Төрт түлік», «Су астындағы тіршілік», «Тірі табиғат», «Жәндіктер», «Құстар», «Елдер мен құрлықтар», «Динозаврлар», «Географиялық саяхат» кітаптарынан кездейсоқ өте қызықты оқиғалар қысқаша айтылып таныстырылды. Барлық балалардың назарына ілігіп, аса қызығып тамашалаған «Динозаврлар» атты кітап болды. Шара соңында түрлі-түсті жануарлар бейнесімен салынған «Жыл қайыру» крассворды қойылып, «Табиғат Ана туралы кім көп біледі?» атты экологиялық викторина өткізіліп, ерекше көзге түскен белсенді балаларға сый-сияпат берілді. Балалардың экологиялық білім алулары, табиғатты сақтау мен бағалау қажеттілігі және оны табиғатты болашақ үшін сақтау маңызды боп табылады. Оқушылардың экологиялық танымын кеңейту және белсендіру, оқушылардың табиғат әлемі туралы танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер ету, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқор болу, аялай білу сезімін қалыптастыру, балаларды табиғатты сүю жауапкершілігіне үйрету мен өзіндік жұмыс жасауға машықтандыру. Кітап көрмесіне 34 әдебиеттер қойылды.