Сүйіспеншілікпен кітап сыйла: акция
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Ол кітап сүйер қауымды біріктіріп қана қоймай, оқырмандарға кітап оқу мүмкіндігін ұсынады. Оның мақсаты қарапайым да қайырлы: оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға сыйлауға, өзге адамдардың да осындай керемет қадам жасауына, кітап оқуларына жол ашады.
«Сүйіспеншілікпен кітап сыйла» акциясы бойынша қаламыздың тұрғыны, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің байырғы ұстаздарының бірі Рақышева Нұрзада Мағауяқызы біздің кітапхананың кітап қорына жетпістен астам кітаптарды сыйға тартты, оның ішінде көркем әдебиеттер, сөздіктер мен қазақ тілін оқытудың әдістемелік құралдары бар. Сыйға тартылған кітаптардың арасында – А.Құнанбаевтың, С.Сейфуллиннің, И.Алтынсаринның, К.Әзірбаевтың т.б белгілі жазушылардың таңдамалы шығармалары, орыс және шетел әдебиетінің классикалары бар.
Кітап қорына осындай құнды шығармаларды сыйға тарқаны үшін Рақышева Нұрзада Мағауяқызына зор алғыс білдіреміз. Әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!