Болашақтың энергиясы – Қазақстанның болашағы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Оқитын аймақ» акциясы аясында бір күні, бір уақытта қаламыздың бірнеше жеріңде өткізілетің шаралар өткізілді. Сондай шаралардың бірі: «Болашақтың энергиясы – Қазақстанның болашағы» деген тақырыпта Орталық саябақта өтті.
Өткізілген уақыты: 14 маусым 2013 жыл. Өткізілген орны: Семей қаласының Орталық саябағы. Қатысушылар: Саябақ демалушылары, № 37 мектеп-гимназиясының және №6 мектеп гимназиясының оқушылары. Қатысушылар саны: 170 адам. Мақсаты: 1851 жылдан бастау алатын дүнижүзілік көрмелер тарихы мен 2017 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін ЭКСПО 2017 дүниежүзілік көрмесі жайында ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: қатысушыларды ЭКСПО 2017 көрмесі жайлы білімдерін кеңейту мақсатында атқарылып жатқан шаралармен жақынырақ таныстыра отырып, өскелен ұрпақ санасында Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Оқитын аймақ» акциясы аясында бір күні, бір уақытта қаламыздың бірнеше жеріңде өткізілетің шаралар өткізілді. Сондай шаралардың бірі: «Болашақтың энергиясы – Қазақстанның болашағы» деген тақырыпта Орталық саябақта өтті. Осы шара барысында Бүкіләлемдік көрме жайында қызықты фактілер мен оқиғалар және Халықаралық көрмелер бюросының жұмыстары жайында көптеген мәліметтер беріледі. Шараға қатысушылар назарына әр елде өткізілген Халықаралық көрмелердің ереше оқиғаларына байланысты әзірленген стенд пен кітап көрмесі қойылып, шолу өткізілді. Осы шара барысында қатысушылар назарына жас және әдемі қала еліміздің астанасы – Астана жайында және 4 жылдан кейінгі Астана қаласының жаңа келбеті туралы мәліметтер ұсынылды. Ақпараттық шолу сағат 11 де № 6 мектеп-гимназиясының төменгі сынып оқушыларына арналып орыс тілінде жүргізілді. Осы мектеп оқушылары кітапхана қызметкерлеріне ЭКСПО көрмесі туралы көп қызықтты ақпарат алғандары туралы телевидениеге интервью беріп, ризашылықтарын білдірді. Аталмыш шара барысында саябақта қыдырып жүрген Батыс-Қазақстаннан келген қонақтарға және № 37 мектеп-гимназиясының олқушыларына ЭКСПО 2017 жайлы ақпараттар қазақ тілінде беріліді. №37 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Алуа өзінің ЭКСПО көрмесінің тарихымен таныс екенің, бірақ Семейлік жерлесіміз Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Париж қаласында өткен ЭКСПО көрмесінің аясында өткен этноконцертте өлең айтқандығын бірінші рет естіп тұрғандығын айтып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды. Ақпараттық шолуда берілген мәліметтер бойынша викторина- ойын ұйымдастырылып дұрыс жауап берген қонақтарымыз сыйлықтармен марапатталды. Шараға байланысты «ЭКСПО – 2017 болашақ технологиялар көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге 26 кітап пен 16 мерзімді басылымдар қойылды. Кітапханаға 14 оқырман жазылып 20 кітап қолға берілді. Шара соныңда Орталық саябақ әкімшілігі мен қызметкерлеріне бізбен бірге бірлесіп осындай қызықты да маңызды істе көмек қолдарын созғандары үшін көп алғысымызды айтамыз.