Дербес компьютерде жұмыс жүргізу: тренинг
2019 жылы 15-19 сәуір аралығында компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында «Дербес компьютерде жұмыс жүргізу» тренингі өткізілді. Қатысушылар тренингте арнайы бағдарламаларда жұмыс жүргізу, мәтіндік редакторда жасау, Windows жүйесін меңгеру жұмыстарымен және «Электронды үкімет» порталымен танысты. Білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар жүргізілді. Қатысушылар алған білімдерін өздерінің болашақ жұмыстарында және жеке өмірінде жақсы қолдана алады деп сенеміз.