Әдеби шоқжұлдыз: викторина
20 сәуір күні Абай кітапханасында Халықаралық кітап күніне орай №7 лицейдің 8-сынып оқушыларына арналған «Әдеби шоқжұлдыз» викторинасы өтті. Викторинаның бірінші бөлімінде оқушыларға 2019 жылы аталып өтілетін Қазақстан, Ресей және шетел мерейгер-жазушылары С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ф.Оңғарсынова, А.Пушкин, Н. Гоголь, В. Набоков, М. Лермонтов, А. Ахматова, В.Шекспир, Ф.Купер, Е.Хемингуэй және басқалардың шығармашылығы туралы сұрақтар қойылды.
«Қай шығармадан екенін тап» деп аталатын екінші сайысында Г.А.Андерсен, А.Пушкин, Н.Ершов тағы басқалардың танымал әдеби шығармалары ұсынылды. «Әдеби туындылар» атты үшінші бөлімінде мерейгер жазушылардың шығармаларын дәл табу ұсынылды. «Әдебиет аудармалары» деп аталатын соңғы бөлімде оқушылар белгілі шығармалардың аудармаларын табуға тырысты, мысалы: «Ручные утята», «Дикие лебеди», «Квадратик»-«Колобок» т.б.
Белсенді қатысушыларға Бейсекенова Жанель, Траиспсева Дияра, Иванков Антон, Ли Жан, Сафаргалиев Богдан, Шейкина Дарья кітапханадан естелік сыйлық ретінде кітаптар берілді. Оқушылар кітапхана ұйымдастырған көрмемен және кітапхана қызметімен жан-жақты танысып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.