Оқу көшбасшысы: әдеби марафон
20 сәуір күні Абай кітапханасында «Диалог» жастар қанатының мүшелерімен «Оқу көшбасшысы» атты әдеби марафон өтті. Әдеби марафон 23 сәуір халықаралық кітап күнінің аясында өткізілді.
Марафонның басталуына 10 күн қалғанда ұйымдастыру және дайындық жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде клуб қатысушыларына М. Зусактың «Книжный вор», Р. Брэдберидің «451º по Фаренгейту», М. Фрайдың «Книга огненных страниц», У. Эко «Не надейтесь избавиться от книги» және т.б. бірнеше кітаптарды оқу ұсынылды. Сондай-ақ, дайындық барысында кітап туралы бір шумақ өлең жазу түрінде үй тапсырмасы беріледі.
Марафонның барлық қатысушылары көптеген кітаптарды оқып, клубтың отырысында оқығандарын қызу талқылады. Шара барысында марафон қатысушылары кітап оқудан алған өз әсерлерімен және өздері оқыған кітаптардың нюанстарымен бөлісті.
Дәстүрлі қағаз кітаптарын оқудың маңыздылығы Майка Гелприннің «Свеча горела» әңгімесінің көмегімен талқыланды. Бұл әңгімеде кітаптарға деген сүйіспеншілік, сөзге деген сүйіспеншілік және кітап оқып, сөздің күшіне сенген кезімізде оның ешқашан жоғалмайтындығына сенім бар. Әдеби марафон барысында қатысушылар өздеріне ұнаған кітапқа жарнама жасап, қимыл мен мимиканың көмегімен белгілі бір кітаптың атын көрсететін «Крокодил» топтық ойынын ойнады.
Іс-шараны «Кітап оқу – сәнді» атты кітап көрмесі толықтырды..