Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»: библиокешинг
Оқырмандарын жабайы алмаға тамсандырып, жусан исіне құмар қылған талантты жазушы Мұратбековтың қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. 19 сәуір күні Абай кітапханада Семей қ. НЗМ оқушыларына арналып «Жабайы алма» атты библиокешинг өткізілді.
Сайын Мұратбековтің шығармаларының тақырыбы сол кезеңдегі ауыл тынысы, тұрмыс-тіршілігі, адамдардың өзара қарым-қатынасы, дүниеге деген көзқарасынан құралған. Қай шығармасын алып оқысақ та тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, оқырманды өзіне баурап алады. Осындай шығарманың бірі – «Жабайы алма» повесі.
Іс-шара шымылдығы Сайын Мұратбеков жайлы естелік бейне сюжеттің көрсетілімімен ашылды. Шараның бірінші бөлімінде оқушылар шығарманы оқу барысында алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне ерекше әсер еткен тұстарына тоқталды. Екінші бөлімінде кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттеріне баға беріп, мен осы кейіпкердің орнында болғанда қалай істер едім? деген сұраққа жауап іздеді. Шара соңында оқушылар шығарма желісі бойынша жасалған ребустар мен сөзжұмбақтарды шешіп, шығарманың соңын өз ойларымен аяқтап эссе жазып көрді.