ЕХРО Халықаралық көрмесі: тарихы және нәтижелері
2013 жылы 24 маусымында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері «Халықаралық көрме: тарихы және нәтижелері» ақпараттық шолу ұйымдастырып, «ЭКСПО-2017» бағдарлама аясында өткізді.
Өткізілген күні: 24 маусым 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Қатысушылар: қаламыздағы пайдаланушылар. Қатысушылар саны: 14 адам. Шараның мақсаты: кітапхана пайдаланушыларына ЭКСПО Халықаралық көрменің өтуінің тарихы туралы, облысымыздағы жаңалықтар және ғылым мен техникадағы, мәдениет пен өнердегі нәтижелер жетістіктерін көрсету үшін ақпараттандыру. Күтілетін нәтиже: кітапхана пайдаланушыларына ЕХРО Халықаралық көрмені жарнамалап, өнертапқыш қасиеттері бар адамдарды тарту.
2013 жылы 24 маусымында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері «Халықаралық көрме: тарихы және нәтижелері» ақпараттық шолу ұйымдастырып, «ЭКСПО-2017» бағдарлама аясында өткізді. Шолуды өткізу барысында пайдаланушылар бірінші Халықаралық көрменің 1851 жылы Лондонда ашылу тарихымен таныстырды. 1889 жылғы көрме ерекше болды, әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы сыйға тартылып, ол Францияның белгісі болып тұрғандай. Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаевтың қатысуы туралы толық мағлұматтар қойылды. Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді. Шолу соңында барлық қатысушыларға буклет таратылып берілді.