Ұлттық мәдениет керуені: этнографиялық мереке
25 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналып «Ұлттық мәдениет керуені» атты этнографиялық мереке өткізілді.
Аталмыш шараның мақсаты: жас жеткіншектерге Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шараға қаламыздың колледж студенттері, этнографиялық ұжымдар, соның ішінде өзбек, украин және неміс мәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Мәдени орталықтардың өкілдері өз орталықтарының тыныс-тіршілігі туралы айтып, халық шығармашылығын ұсынды және ұлттық ойындар ойнатты.
Гуманитарлық-экономикалық, техникалық, құрылыс, агротехникалық колледждерінің студенттері этномәдени орталықтардың халық дәстүрлерін естіп қана қоймай, неміс орталығының ұсынған би номерлеріне қатысып, неміс орталығының буклеттерін қолданып, осы тілде сөлесіп көрді.
Шараның мазмұнын Бірлік күнін, осы мерекені тойлау дәстүрін және әлемнің басқа елдерінде қандай мерекелердің бар екендігін көрсететін бейнеролик аша түсті. Шараға арнайы жасақталған кітап көрмесінде бүгінгі Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар әлем халықтарының этнографиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды іс-әрекеттері туралы материалдарды ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып, шолу жасалды.