Шанхайдан Астанаға дейін: дәріс
1 шілде 2013 жыл Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана «Шанхайдан Астанаға дейін» атты дәрісті ұйымдастырып, «ЭКСПО-2017» бағдарлама аясында өткізді.
Өтізілген күні: 1 шілде 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана. Қатысушылар: кітапхана пайдаланушылары. Саны: 18 адам. Шараның мақсаты: кітапхана пайдаланушыларына ЕХРО-2010 Бүкіләлемдік көрмеге (Қытай) Қазақстанның қатысуын ақпараттандыру.
1 шілде 2013 жыл Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана «Шанхайдан Астанаға дейін» атты дәрісті ұйымдастырып, «ЭКСПО-2017» бағдарлама аясында өткізді. Дәріс барысында тыңдаушыларды «Ең жақсы қала – ең жақсы өмір» атты ұранымен Шанхай қаласында өткен «ЕХРО-2010» Бүкіләлемдік көрменің тарихымен таныстырды. Көрмеде бойтұмардай болған қытай иероглиф жазуының түрлері, «адам» деген сөз «Хайбао» (Наі Вао) деген мағынаны білдіреді. Эмблема сияқты, Қытай мәдеиетінің ерекшелігінде бойтұмарды іске асырды, Эмблема «ЕХРО-2010» үш адамды бейнелейді, қолдары бірігіп тұрған, ол Жердегі барлық халықтарды айшықтайды. Қытай иероглифтеріндегі кескіндемедегі бейнелердің сәйкестігінде «әлем» деген сөз және 2010 саны бүкіләлемдік көрме тұжырымдамасында – тілдесу, ынтымақтастық қуаныш, және де адамдардың өзіндік орындауға деген ұмтылысы мен ынтасы. Қатысушылар ЕХРО-2010 көрмеге Қазақстанның қатысуы туралы ақпаратты ерекше қызығушылықпен тыңдады. Қазақстан «Астана – Евразия жүрегі» атты ұранмен шықты, облыстағы әр саладағы ғылымда, техникада, мәдениет пен өнерде өздерінің жетістіктерін көрсетті, сол сияқты жас та көп сырлы Қазақстан астанасының қалыптасуы мен дамып өркендеуінің тарихы көрсетілді. Қазақстанның қатысуының басты мақсаты – Қазақстанды және оның жас астанасын әлемге танытуды көтеру, экономикалық және инвестициялық күш-қуатын көрсету және әлемдік бірлестікті мәдениетпен ұштастырып, Қазақстан халқының салт-дәстүрімен және тарихымен таныстыру. Көрмеде замануя электрондық және ақпараттық жүйелер, сол сияқты виртуалды мультмедиялық технологиялар пайдаланылды. Шара соңында қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтып, тағы да кездесулер бола берсін деген жылы лебіздерін білдірді.