Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау
2 шілде 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде «Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау» көркем безендендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген уақыты: 2 шілде 2013 жыл. Өткізілетін жері: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы. Қатысушылар саны: 21 адам. Қатысушылар: кітапхананың оқырмандары. Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және мұғалімдерге әдістемелік көмек беру. Күтілетін нәтиже: экология тақырыбына қатысты мерзімді басылымдарға деген сұраныстарды арттыру және тұрғындардың табиғат байлығын үнемдеп оған үлкен жауапкершілікпен қарау дүниетанымын кеңейту.
2 шілде 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде «Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау» көркем безендендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық тәрбие беруге мемлекеттік деңгейде мән беріліп, елбасы Н:Назарбаев «Қазақстан – 2030» стартегиялық бағдарламасында ерекше экологиялық ұстанымдарын көрсетті. Адамның іс-әрекетінің салдарынан табиғи байлықтар азайып, биосфера түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанды, табиғаттағы экожүйелер бұзылды. Экологиялық білім мен тәрбие берудің өзекті орталығы – кітапхана, оқу орындары және мектептегі кештер, сайыстар, кітап көрмелері, дәрістер т.б.
Көрмеге алуан түрлі табиғаттың тамаша көріністерінен фотосуреттер, жүрекжарды өлең шумақтары, әдістемелік сценарилер қойылды. Сонымен қатар «Биология және салауаттылық негізі» , «География в школе», «Биология в школе», «Атамекен», «Қазақ тілі және өлкетану» , «Валеология», «Вокруг света», «География в школах и вузах Казахстана», «Экологический курьер» «Дала мен қала», сияқты мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар ұсынылды. Барлығы 27 атаулы кітаптар, мерзімді басылымдар, буклеттер қойылған.