Қасиетті Граальды Іздеу: әдеби квест
18 сәуір күні Абай атындағы кітапханада “Диалог” әдеби салонының жастар канатының кезекті кездесуі өтті. Клуб қатысушыларының жас мөлшерлері 14-тен 20-ға дейінгі жастар. Кездесудің негізгі арқауы квест болды, оның барысында балалар кітапхананың мамандарға ғана қолжетімді орындарына қызықты саяхат жасады. Квест детективтік стилде өткізілді, яғни қатысушылардың артефактарды іздеп табуға қызығушылықтары одан сайын арта түсті, ал ол, өз кезегінде ақиқатқа алып келуі тиіс болды. Сюжет мектеп пәндері физика, химия, тарих, орыс тілі, әдебиет және музыка пәндерінің элементтерін қамтыды. Артефактілерді іздеп табудың кілті Менделеев кестесі, орыс алфавиті, поэзия, пәндік оқулықтар болды. Берілген деректер мен кеңестерді пайдалана отырып, оқушылар қажетті артефактілерді, картаны, қасиетті «Граальды», кітапты, жазбаларды іздеп тауып, олардығы жазылған ары қарайғы әрекеттері мен бағыттарын белгіледі. Шындыққа жету үшін, балаларға кітапхананың қоймаларын еңсеріп, керекті кітапты табу үшін, жертөлеге түсіп, көптеген баспалдақ алаңдарын жеңуге және бөлме гүлдерін талдауға үйреніп, картаны жинап және ол бойынша бағыттарын бағдарлау керек болды. Квест алаңы толығымен кітапхананың үш қабатты ғимараты болды. Ал қасиетті Граальдың символы – Алтын адам болды. Балалар, Қазақстанда 1970 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ежелгі кезеңде Қазақстан территориясында тұрған тайпалар, яғни сақтар, сақ тиграхаудтар, сарматтар заманынан алты алтын адам табылып, ашылғанын білді. Әдеби квесттің соңында барлық қатысушылар жиналып, дөңгелек үстел басында ойынның қызықты сәттерін талқылады.