Сарыарқаның төсінде қанат жайған Астана: танымдық сағат
2013 жылы 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Сарыарқаның төсінде қанат жайған Астана» танымдық сағаты және кинофильм көрсетілімі оқырмандар назарына ұсынылды.
Өткізілген күні: 2013 жылы 5 шілде. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімі. Қатысушылар: Семей құқық колледжінің студенттері. Қатысушылар саны: 27 адам. Шараның мақсаты: оқырмандарға Астананың құрылу тарихы, даму кезеңдері мен жеткен жетістіктері, 15 жылда болған өзгерістер жайында әдістемелік ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: азаматтардың эстетикалық тәрбиесін өрістету және отанға деген патриоттық сезімдерін көтеру.
2013 жылы 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Сарыарқаның төсінде қанат жайған Астана» танымдық сағаты және кинофильм көрсетілімі оқырмандар назарына ұсынылды. Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады. Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала.
Шара барысында қызықты формалар қолданылды: «Елімнің ертеңі Елорда» атты Астананың қалай құрылғаны, әсем демалыс орындарынан сыр шертетін 15 минуттық деректі фильм көрсетілді; «Сарыарқаның төсінде қанат жайған Астана» тақырыбымен Астана жайында статистикалық материалдар, маңызды деректер, қызықты оқиғалардан слайд-шоу ұсынылды; «Астана – қалыптасқан мемлекеттің орталығы» атты Астананың әсем ғимараттары және басқарушылық құрылым мен жағрапиялық орналасуы жайында қызықты сұрақтардан электронды викториналық ойын ойнатылды. «Астана – түркі әлемінің мәдени ордасы» атты кітап, мерзімді басылымдардан, фотосуреттерден көрмеге шолу жасалды. Кеш соңында өз ойларын айтып, сұрақтарға белсенді жауап берген оқырмандарға Астана жайында жасалған ақпараттық буклеттер мен шағын сыйлықтар табыс етілді.