Кедендік одақ: кеше және бүгін: кітап көрмесі
10 шілде 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Кедендік одақ: кеше және бүгін» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 10 шілде 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқу залы. Қатысушылар: Кітапхана пайдаланушылары. Мақсаты: кітапхана пайдаланушыларын Кедендік одақтың қазіргі жағдайы мен даму перспективасымен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Кітапхана қорындағы осы тақырыптағы кітаптарды өз қажеттіліктеріне жарату.
10 шілде 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Кедендік одақ: кеше және бүгін» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мәдени шара Кедендік одақтың қалыптасуы басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату арқылы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдарынан хабардар бермек. «Таможенный союз Беларуси, Казахстана и России: состояние, проблемы, перспективы», «Казахстан в системе мировых экономических процессов», Д.Ш.Мухамеджанов «Казахстан и международные интеграционные процессы», «Таможенный союз Беларуси, Казахстана и России: реалии и перспективы», М.Б. Торегожина «Казахстан и ВТО: проблемы сотрудничества» кедендік одақ туралы мағлұмат беретін кітаптар және мерзімді басылым беттеріне жарияланған А.С. Беренованың «Всемирная торговая организация и ее влияние на таможенные пошлины», мақаласы орын алса, сонымен бірге «АльПари», «Саясат», «Транзитная экономика», «Мировая экономика и международные отношения», «Мысль», «Деловая неделя» журналдарына осы тақырыптағы тың материалдар ұсынылып насихатталды. Кітап көрмесіне 15 кітап, мерзімді басылымдардан және ғаламтор беттерінен алынған тың материалдар қойылды.