Құрметті марапаттар: кітапхана мамандарын марапаттау
14 маусым күні Абай атындағы кітапхананың мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен, Шығыс Қазақстан облысы, Ішкі Істер Департаменті Семей қаласы полиция басқармасының грамоталарымен марапатталды.
Еліміздің кітапхана саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін, қоғамның мәдени-ақпараттық және зияткерлік дамуына, кітап және оқу мәртебесін арттыруға қосқан зор үлесі үшін, жазба және әдеби құндылықтарды сақтау және насихаттауға қосқан ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының құрмет грамоталарымен Буркитова Лаура мен Сламджан Мұхамед марапатталды және Соционер Дархан мен Түгелбаева Дианаға алғыс хаттар табысталды.
Мәдени мұраны дамытуға қосқан зор үлесі үшін, Ішкі Істер органдары қызметкерлерінің патриотизмді, қызметтік борышын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін Адикаева Рахиля, Мальцева Ольга, Титова Светлана және Доскеева Толқын Шығыс Қазақстан облысы, Ішкі Істер Департаменті Семей қаласы полиция басқармасының грамоталарымен марапатталды.