Әдеби Семей: «Диалог» әдеби клубының отырысы
Өлкетану – кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. Абай атындағы кітапханада жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді. 19 маусым күні Семейдің ақындары мен жазушыларына арналған «Диалог» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. «Әдеби Семей» іс-шарасы қатысушыларды өлкелік ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді.
Өлкеміздің әдебиеті 18 ғасырдан бастау алып, ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл қасиетті жер кемеңгер философ Шәкірім, жазушы М.Әуезов, Ә.Нұршайықов, Р. Сейсенбаев т.б. ақын-жазушыларды әлемге танытты.
Бүгінгі таңда қазіргі заманғы ақын-жазушыларымыз М. Сәрсеке, М. Сұлтанбеков, П. Кузнецов, К. Байгужинов, В. Кобрин, Е.Титаев, М. Жанболатов т.б мақтанамыз. Олардың шығармашылығында Семей жері, табиғаты, Ертіс өзені, қарағайлы орманы, жергілікті халықтың болмысы баяндалған.
Шара диалог ретінде өрбіп, «Иртышские огоньки» бірлестігінің мүшелері Л. Харитоненко, Е. Рыбченко, Н. Бурнышева өз өлеңдерін оқып, клуб мүшелерімен поэзия жайында сыр бөлісті.
«Ключ» клубының мүшесі С. Зубкова гитарамен ән салып, шараға қатысушы қонақтар ретро әндерді шырқап, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында кітапхана қызметкерлері жергілікті ақындардың шығармашылығына байланысты «Шығыс Қазақстанның ақын-жазушылары» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады.