Терроризм – елге төнген қауіп: ескерту-әңгіме
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 25 маусым күні сағат 14:00-де «Терроризм – елге төнген қауіп» тақырыбында ескерту әңгіме өткізілді. Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта, терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.
Осыған орай дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы мәлметтер берілді. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан – жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырады.
Кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы бар кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылады.
Шараның міндеті: жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, мұқтаждыққа (ақырғы шекке), терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру.