Қасиетті қара домбыра: домбра-party
1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Абай атындағы кітапханада қазақтың ұлттық саз аспабын, музыкасын, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерін қайтадан сәнге айналдырып, насихаттау мақсатында «Қасиетті қара домбыра» атты домбру-party ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлттық саз аспабын, музыкасын, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерін қайтадан сәнге айналдырып, насихаттау. ұлтқа тән қасиет құндылықтарды дәріптеп, жастарға ұлттық рух беру, жастардың бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Party-дің арқасында домбыраны кәсіби мамандар ғана емес, кез-келген адам ойнай алатынын дәлелдеп, кез-келген адамның үйренуге деген талпынысын оятады.
Шараға қаламыздың жас домбырашылары қатысып, домбырадан күй төгіп, қазақтың дәстүрлі әндерінен әуелете ән шырқады. Жас айтыскер ақын Сарсембаев Ерасыл күйші Құрманғазының бірнеше күйлерін нақышына келтіріп орындап берді. Сонымен қатар жас ақындар бір-бірімен айтысып, өнерлерін ортаға салды.
Шараға қатысушылардың назарына «Қасиетті қара домбыра» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмедегі кітапхана қорындағы әдебиетттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасалынды. Кітап көрмесіндегі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет пен Дина сынды атақты күйшілер және дәстүрлі қазақ өнерімен халықты сусындатып жүрген өнер тарландары туралы, А.Жұбанов «Құрманғазының күйлері қалай шыққан», М. Әбуғазы «Қазақтың домбыра өнері», Ж.Тұрдығұлов. «Домбыра», Ш.Әбенұлы «Әнім мен күйім-халқыма сыйым» еңбектері, Б. Сарыбаевтың «Қазақтың музыкалық аспаптары» фото-альбомы жастардың кітапқа деген үлкен қызығушылықтарын тудырды.