Жазғы детектив агенттігі: детектив – көрме
24 шілде күні Абай атындағы кітапханада «Жазғы детектив агенттігі» атты тақырыпта детектив-көрме ұйымдастырылды.
Кітапхана пайдаланушыларының назарына американдық, ағылшын, норвегиялық, ресейлік қазіргі заманғы детектив жазушылардың 50-ге жуық кітаптары ұсынылды. Көрмеге атақты шетелдік классикалық детектив жазушылар Конан Дойл, Агата Кристи, Сидни Шелдон, Эрла Стенли Гарднер, Жорж Сименон және т. б. шығармалары қойылды.
Кітапхана оқырмандары қазақ жазушылары жазған детективтік шығармаларға ерекше назар аударды. Олардың арасында: Қ.Исабаевтың «Ажал құрсауында», «Коменданттың жазбалары», Л. Троценконың «Семипалатинск бандитский» шығармалары бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың әкесі жазушы Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» детективтік шығармасы оқырмандардың қызығушылығын тудырды.
Көрмеде ұсынылған кітаптар өмірде болған қылмыстық істер негізінде жазылса, кейбіреуі автордың қиялынан туындаған шығармалар болып табылады.
Кітапхана тәжірибесін негізге ала отырсақ, бұл жанрдағы әдебиеттерді қызығып оқитын оқырмандар деңгейі өте жоғары. Алдағы уақытта да детектив жанрындағы шығармалар жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз.