Конституция – елімнің еркіндігі: ақпараттық сағат
Абай атындағы кітапханада 28 тамызда ҚР Конституция күніне орай Ата заңымыздың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат беру арқылы тыңдаушылардың бойына патриоттық рухты сіңіруге үлес қосу, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Конституция – елімнің еркіндігі» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды мемлекеттік мереке күнімен құттықтады.
Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке «Конституция күні» деп аталды. Халықтың еркін көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту бағытында екі тілде толық ақпарат берілді. Қатысушыларға аталған тақырып бойынша сұрақтар қойылып, пікір алмасу алаңын құрды. Мерекелік басқосуда «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» атты бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер тыңдалды.
Шара барысында «Ата заң – біздің өмірімізде» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесімен таныстырылды Көрмеге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік нышандары», «Қазақтың ата заңдары», Ө.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», «Өмірі Заңмен өрілген: Нағашыбай Шәйкенов жайлы естелік», Ғ.Сапарғалиевтың «Конституционное право Республики Казахстан», «Конституционные законы Республики Казахстан», Ж.С. Атжанованың «Роль органов Конституционного контроля в реализации конституционной ответственности» кітаптары мен альбомдары және мерзімді басылымдар бететріндегі мақалалар қойылып, көрмеге шолу жасалды.