Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра: әдеби кеш
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері «Сахараның дана ойшылы» атты библио-шаңырақ жобасының аясында 2013 жылы 19 шілдеде көпшілік оқырмандар үшін ақын, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына орай «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 19 шілде 2013 жыл. Өткізілген орны: Орталық саябақта орналасқан киіз үйі. Қатысушылар: Кітапхана оқырмандары мен пайдаланушылары. Қатысушылар саны: 21. Шараның мақсаты: Шәкәрім шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын насихаттау. Күтілетін нәтиже: Шәкәрім шығармаларының кітапхана қорында бар кітаптарын өз қажеттіліктеріне жарату.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері «Сахараның дана ойшылы» атты библио-шаңырақ жобасының аясында 2013 жылы 19 шілдеде көпшілік оқырмандар үшін ақын, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына орай «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, ой-танымы мен күллі рухани әлемінің алып тұлғасының бірі- Шәкәрім. Тарих айдынында өткен даналардың артындағы мол мұрасы кейінгі ұрпаққа қалдырған ғибраттық құндылығымен бағалы. Сондықтан да жастайынан ісімен де, сөзімен де өзінің ғана емес, ұлының ұлағатты ұстазы болған Абай ғибратын ұстанған Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармашылығы әрқашанда насихатталмақ. Осы ұстанымды басты мақсат ете отырып, ұйымдастырылған мәдени шара барысында «Дана да, дара тұлға»- айдарында ақын өмірі мен шығармашылығына кең көлемде шолу жасалды. Абайдың Мемлекеттік қорық- мұражайының аға ғылыми қызметкері Бүркітбаева Анар Ұлықбекқызы «Шәкәрімнің өлең өрнегі» атты дәрісінде ақынның жыр шумақтарына тоқталды. Кеш қонақтарының назарларына кітапхана қорындағы ғалым Қ. Мұхамедханов бастамасымен түсірілген «Шәкәрім» атты деректі фильм көрсетілімі ұсынылды. Қаламыздағы жас ақындар мектебінің шәкірттері Кенжебекұлы Еркін, Рысгүл Досжанова, Біржан Ахмет, Манарбек Сатыбалдиндер «Бабаның бізде қалған жыр мұрасы» тақырыбында ақынға арнау өлеңдерін оқыды. «Шежірелі шерлі ғұмыр» слайд көрсетілімі арқылы кеш қонақтары Шәкәрім бабаның көп айтыла бермейтін елден жырақ кетіп өмір сүрген шерлі ғұмыры туралы мол мағлұматтар алды. Әдеби кештің соңында Шәкәрім әндерін насихаттаушы Ж.Қамбаров ақын әндерінен ән шашу шашты.